Өлең, жыр, ақындар

Бастық пен басбух

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1278
Бір мекеменің бастығы болды,
Өзіне сай басбухы болды.
Төрт түсті қаламы болды,
Қаламы емес, амалы болды.
Мәнін айтып ісінің,
Алдына келген кісінің
Қайтармады меселін,
Білді іштей есебін.
Япырмай, неткен мырзалық,
Бәрін бірдей ырза қып,
Сұраса да қарызға,
Қолын қойып арызға,
Басбуғына жұмсады,
(Бастыққа кім ұрсады?)
Басбух көріп арызды,
Орындайды парызды:
Қол қойылса қызылмен,
Күн күлімдеп жүзінен,
Айқара ашып кассасын,
Ұсынды тез ақшасын.
Қол қойылса көкпенен,
Сылтау айтып ептеген,
Қелгенің жөн ертең деп,
Жауап берді кердеңдеп.
Қол қойылса сарымен,
Сөзді қозғап әріден,
Екі-үш рет барсаң да,
Салып қояр сарсаңға.
Қол қойылса қарамен,
Тарылғандай бар әлем,
Тас түйіліп қабағы,
Түнеріп бір қалады.
Он күннен соң кел дейді,
Ай өтсе де, бермейді.
Солай, достым, ұғып ал,
Сияның да сыры бар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүркіт пен тышқан

  • 0
  • 0

Кішінің де ақылын
Тыңдаған жөн, батырым.
Алыс жақтан кеп енді,
Қонды Бүркіт жұбайымен орманға.

Толық

Есек пен қоян

  • 0
  • 0

Есек құс па, біл аңдай,
Ұшуға епсіз пақырың,
Бірақ та, ол мақтанады шытылып;
Ақырып,

Толық

Ас деген

  • 0
  • 0

Сөзін тыңда халықтың:
Ас арқау ма, атау ма?
Айта алады анық кім,
Аузы барып атауға?

Толық