Өлең, жыр, ақындар

Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 842
Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп,
Аспан мен жер, біртұтас бір денедей.
Көк аспанға көп қарайсың жұлдыз деп,
Сол жұлдыздан туған қызды елемей.
Көзге ілмегін, махабатты мендегі,
Мезгіл демін сездірмеген кедейлік.
Бұл өмірге көзімді ашып келегелі,
Өзектіден көріп келем өгейлік.
Кімді күтем, елегізіп, елеңдеп,
Сүтке ұқсатам қылаулаған түн шығын.
Жамыралым, маңырадым емем деп,
Тас бауырдан қайтып, қатты тұмсығым.
Содан ба екен, тұяқтыдан жасқанам,
Тереземді терезеге еш теңемей.
Жердегілер бөледі ылғи, аспанның
Жалғызы деп ойлай ма екен мені өгей...
Ішке тартып, сыртқа тепкен өзің ең,
Үмітіңнен үрейленіп қорқасың.
Сезінген соң өгейлікті көз ілем,
Жалғыздықтың жастанып бір жартасын.
Табиғатпен туыстас бір денемін,
Су-сәулеге жүре алмаймын шөлдемей.
Жалғыз жұлдыз жарқырасын деп едім,
Қараған соң, жер де өгей, сен де өгей.
Жарқыраған күн емес қой ай теңі,
Ай жаңғырып, өзгеретін кез келер.
Жаратылыс жалғыз қалмай қайтеді,
Өгейлікпен қарап тұрса өзгелер.
Болмысты сол, жүректегі көз көрер.
Мінезі бар әрбір күнмен әр айдың,
Неге өмірден бекер кетем, бекер кеп,
Мен аспанның жұлдызына қараймын,
Жетімсіреп қарап тұр ма екен деп...
Танымасам, кімдер мені танымақ,
Жел көтеріп теңіздің ақ көбігін.
Жұлдызды аспан бауырына жамырап,
Шапқылаған жетім қозы-ау көңілім.
Енесіз бір қозыдаймын, аш қалған,
Мазаны алып, маңыраған өлеңі.
Мейірімге шөлдегенде, аспаннан –
Сүт сәулелі жұлдызды емгім келеді...

Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп,
Аспан мен жер, біртұтас бір денедей.
Көк аспанға көп қарайсың жұлдыз деп,
Сол жұлдыздан туған қызды елемей.
Көзге ілмегін, махабатты мендегі,
Мезгіл демін сездірмеген кедейлік.
Бұл өмірге көзімді ашып келегелі,
Өзектіден көріп келем өгейлік.
Кімді күтем, елегізіп, елеңдеп,
Сүтке ұқсатам қылаулаған түн шығын.
Жамыралым, маңырадым емем деп,
Тас бауырдан қайтып, қатты тұмсығым.
Содан ба екен, тұяқтыдан жасқанам,
Тереземді терезеге еш теңемей.
Жердегілер бөледі ылғи, аспанның
Жалғызы деп ойлай ма екен мені өгей...
Ішке тартып, сыртқа тепкен өзің ең,
Үмітіңнен үрейленіп қорқасың.
Сезінген соң өгейлікті көз ілем,
Жалғыздықтың жастанып бір жартасын.
Табиғатпен туыстас бір денемін,
Су-сәулеге жүре алмаймын шөлдемей.
Жалғыз жұлдыз жарқырасын деп едім,
Қараған соң, жер де өгей, сен де өгей.
Жарқыраған күн емес қой ай теңі,
Ай жаңғырып, өзгеретін кез келер.
Жаратылыс жалғыз қалмай қайтеді,
Өгейлікпен қарап тұрса өзгелер.
Болмысты сол, жүректегі көз көрер.
Мінезі бар әрбір күнмен әр айдың,
Неге өмірден бекер кетем, бекер кеп,
Мен аспанның жұлдызына қараймын,
Жетімсіреп қарап тұр ма екен деп...
Танымасам, кімдер мені танымақ,
Жел көтеріп теңіздің ақ көбігін.
Жұлдызды аспан бауырына жамырап,
Шапқылаған жетім қозы-ау көңілім.
Енесіз бір қозыдаймын, аш қалған,
Мазаны алып, маңыраған өлеңі.
Мейірімге шөлдегенде, аспаннан –
Сүт сәулелі жұлдызды емгім келеді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балапан

  • 0
  • 0

Жабылып кейде ашылар,
Бейне бір аспан алақан.
Ұшам деп қашан асығар,
Биікке сонау балапан.

Толық

Ағалыққа “балалық” болады аңыз

  • 0
  • 0

Ағалыққа “балалық” болады аңыз,
Балалыққа айналып ораламыз.
Қасарысса, нүр жаумай аспан ата,
Қатып қалар еді ғой, “жер-анамыз”...

Толық

Cәл сүрінсем, сүйей өзі тұрғызып

  • 0
  • 0

Cәл сүрінсем, сүйей өзі тұрғызып,
Өмір деген өтер бастан бір қызық.
Сол өмірге жалау болған жүрегім,
Тірлігімнің моторындай тұр қызып.

Толық