Естiлiп қыстың зар әнi – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Естiлiп қыстың зар әнi» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Естiлiп қыстың зар әнi,
Төбеден билеп жауар қар.
Бүрiсiп кетiп барады,
Жағасы патша жарандар.
Табиғат-Ана пәрменi-ай,
Түйiп тұр аспан қабағын.
Сәнге бай дала, әнге бай,
Жамылған аппақ жамалын.
Ұялшақ үй тұр көзiне,
Пәрәнжi жауып сүңгiден.
Арудың әппақ жүзiне,
Ұялап қапты мұң кiлең.
Тыныштық тұнған аулаққа,
Тартады кейде көңiлдi.
Жалма-жан сүйiп алмаққа,
Аңдиды аяз демiңдi.
Ашу бар ала таңында,
Адуын жатыр қаншама!..
Қыс отыр шiреп тағында,
Көктемдi әзiр аңсама...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері