Кешкі мектеп

Бұл бетте «Кешкі мектеп» атты Абдрахман Асылбек жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1636
Жалқаубай мен Аңқаубай,
Маңғазданған Марқаубай,
Пысықсынған Әлі де, –
Жиналады бәрі де.
Ауылда кешкі мектеп
Бар дегенді естіп ек көп.
«Құлақ естігенді көз көреді»,
Көз керсе, пікірің өзгереді.
Мектептің құрамы
Мынадан тұрады:
Екі завуч, бір директор,
Отыз мұғалім.
Тоғыз оқушы тізімде,
Үшеу-ақ іс жүзінде.
Мұғалімдер келеді, кетеді,
Кетпегенде не етеді?
Үш оқушының басы бірікпейді,
Одан ешкім үрікпейді.
Айында бір көрінсе болып жатыр,
Журналға баға қонып жатыр.
Оны кім біліп жатыр,
Жалақы жүріп жатыр...
Жазғы сынның кезінде
Күн күлімдеп көзінде,
Тізімдегі Тентек те,
Бұқпабай мен Белтек те,
Айтып, айтпай не керек,
«Дайындалып керемет»,
Бас ауыртып бір-ақ таң,
Өтіп жатыр сынақтан.
Өмірден солай шеттеген
Мектептер бар ептеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешкі мектеп өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кешкі мектеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешкі мектеп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кешкі мектеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері