Көршінің хикаясы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көршінің хикаясы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1431
Көршім кейде ішіп алып,
Нарттай қызып, ісіп алып,
Жарын қуа жөнеледі,
Қыр соңына түсіп анық.
Жеткен жерде салып қалып,
Жары байғұс талып қалып,
Талай рет тірілткенбіз,
Емханаға алып барып.
Қайта-қайта қапы қалған
Әйел әбден запы болған.
Ері мас боп келген күні
Бөтен үйде жатып алған.
Қершім содан зыр қағады,
Долданады, бұрқанады.
«Қатынымды табыңдар!» – деп,
Әр есікті бір қағады.
Қөрінгенмен шатылады,
Бала қорқып бақырады.
Болғаннан соң қиын екен
Адамның шын ақымағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері