Аспанның күні күліп, айы аунаған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Аспанның күні күліп, айы аунаған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Аспанның күні күліп, айы аунаған,
(Бергендей ата-бабам аян маған)
Мәңгіліктің о дүние, мекеніне
Барардағы бұл дүние, аялдаман...
Қас қағым, өмір сырын кімдер ұққан,
Шығыстан келеді әне, гүлденіп таң.
Көп тұрмас, жол үстінде уақыт жүйрік,
Бір көріп, арманыңа үлгеріп қал!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері