Таласпаңдар, шуылдап, таласпаңдар – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Таласпаңдар, шуылдап, таласпаңдар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 852
Таласпаңдар, шуылдап, таласпаңдар,
«Бас-басыңа би болып» бал ашпаңдар.
Кеуделерің тарылып кетсе егерде,
Кеңітетін кең дала, көк аспан бар.
Жер бетінде жетеді кімге көктем,
Пенделерміз, бір-бірін күндеп өткен.
Мың жүректен іздеме, әділетті
Бір жүрегі құдайдың кімге жеткен?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері