Өлең, жыр, ақындар

Қаншық

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1787
Қой жоқ болса, итке сірә кім таңсық?
Итаяғы көптен беі тұр қаңсып.
Қожайыны қуды-дағы жіберді,
Содан бері қаңғыбас боп жүр қаншық.
Тіршіліктің тарам-тарам жолы бар,
Жолы барлар бақытына жолығар.
Сол қаншыққа тамаша жай тап болды,
Жүретұғын қақпаларды торып әр.
Қаншық соған жетіп барды асығып,
Бұрқырайды от қақтаған шашылық.
Нәпақа етіп теріп жеді тойына,
Сіңірлерді қалған-құтқан шашылып.
Келесі күн тағы барды сол қаншық,
Қалған-құтқан сіңір-саяқ – мол талшық.
Кейбіреуге қояды ептеп үріп те,
Сол маңайдың күзетшісі болғансып.
Келгендерден қаншық енді қашпайды,
Құйрығын тез бұлғаңдата бастайды.
Қылығына қызыққан кей «жомарттар»
Шашылықтан үзіп-үзіп тастайды.
Бірте-бірте қаншық көңлі жайланды,
Қабырғасы кәдімгідей майланды.
Не боларын қайдан білсін бейшара,
Бірде өзі де шашылыққа айналды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаншық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қаншық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қаншық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаншық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері