Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Қызылордам – мәдениетке бай қалам

Бұл бетте «Қызылордам – мәдениетке бай қалам» атты Ақгүл Тұрсынбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қызылордам – мәдениетке бай қалам!

Алты Алашқа аты мәлім анам – Сыр,
Ауаң – ыстық, суың – шипа, далаң – гүл.
Қобызының үні қалған Қорқыттың,
Тұрмағамбет, Ешнияз сал бабам – жыр.
Алқабыңда ақ маржаның жайқалған,
Сырдарияң сыр ақтарып айтады ән.
Қасиетті топырағыңнан нәр алып,
Ғұмыр кешкен талай саңлақ, майталман:
Сүлейің мен шайырларың кім десең,
Кете Жүсіп, Нұртуғанды айта алам.
Балқы Базар жырау, Нартай ақыннан
Ұрпағына көшелі сөз, ой қалған.
Әдебиеттің тарландары кім десең,
Зейнолла, Асқар, Әбділданы айта алам.
Шашасына шаң жұқпаған тұлпардай,
Сара жол сап, жыр күймесін айдаған.
Спорттың саңлақтары кім десең,
Элизабет, Ильяны айта алам.
Зілтемір мен сырғанаудан мәнерлеп,
Бақталасын бәсекеде жайпаған.
Сахнаның сандуғашы кім десең,
Роза менен Мәдинаны айта алам.
Ел баласын еркелетіп өсірген,
Қызылордам – мәдениетке бай қалам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылордам – мәдениетке бай қалам өлеңінің авторы кім?

Ақгүл Тұрсынбай — осы өлеңнің авторы.

Қызылордам – мәдениетке бай қалам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылордам – мәдениетке бай қалам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақгүл Тұрсынбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылордам – мәдениетке бай қалам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер