Көңілдің пойызы
- 0
- 0
Жүйіткіп барады,
Көңілдің пойызы,
Қуалап келемін,
Қашады ой ізі.
Бұл бетте «Фариза ақын» атты Қадіржан Алдахов жазған поэзия туралы өлең берілген.
Ұмыту қиын, білемін,
Санамда сансыз естелік.
Бақытқа толы сәттер бар,
Оларды енді не істедік?!
Сарқылмаған санамда сары үміт,
Үміттің де кей кезде жары күдік.
Өткен күндер артында із қалдырар.
Ертеңгі күн жасырар барын бүгіп.
Сен болмасаң көп қуанып күлмес ем,
Сезімнің де не екенін білмес ем.
Сағынғанда іштен тынып, күрсініп,
Жанарыма бір тамшы жас ілмес ем.
Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан,
Аппақ дала, аппақ түн, атар ақ таң.
Ақ қанатын жайғанда ақ ұлпалар,
Аппақ сезім еседі әр тараптан.
Иланам да өмірдің шын сөзіне,
Күнді өзгеге қиямын, түн өзіме.
Кір шалғанда көңілді жуып алып,
Таң атқанда кептірем күн көзіне.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі