Жұмыр жер сенің бесігің – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Жұмыр жер сенің бесігің» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1694
Жұмыр жердің бесігіне бөлендің,
Ұлы, қызы жер емшегін тел емдің.
Барлық адам туыс маған көрінер:
Ақ-қарасы, жас-кәрісі әлемнің.
Арман етем араласам әлемді,
Қыссам қолын, көрсем жүзін не өңді.
Шақырсам мен шын жүректен қонаққа,
Ақтарып бір жатқан сырды тереңгі.
Дөңгелек жер сонда болар бесігің,
Ашсаң егер өз үйіңдей есігін.
Бірақ маған бұйырса деп тілеймін,
Туған жерден жатар мәңгі тесігім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері