Көкпар – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Көкпар» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 10352
Дода десе тап берер,
Көк серкені шап берер.
Көкпаршылар ойыны –
Сыналады ат пен Ер.
Кіл мықтыны шақырған,
Алыс пенен жақыннан.
Жанкүйерлер қуанар,
Жұлып алса тақымнан.
Әкетті әне бір жігіт,
Жанарында нұрлы үміт.
Жанкүйерлер айғайлап,
Қалды бір сәт дүрлігіп.
Атын баптап, сайлаған,
Көкпар десе жайнаған.
Сайыпқыран жігіттер,
Белін бекем байлаған.
Жанкүйерлер күш беріп,
Намыстарын қайраған.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері