Бұлқынып-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бұлқынып-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1077
Ай!
Бұл елде толып жатыр жылқылы бай,
Тұсынан ақ боз үйдің сөйлестім-ай.
Ол үйден шыға келді бір сұлу қыз,
Жамылып жанат ішік құлпырып-ай.

Тағатым қызды көріп тоқтай алмай,
Иығынан ұстай алдым ұмтылып-ай.
Буыным былқ-сылқ етіп жүргенімде,
Қолымнан шығып кетті-ой, қызық-ай,
бұлқынып-ай.

Ай, кімге ар, ғашық болса қолындағы,
Кең жібек сол дүниенің молындағы-ай.
Судағы сұп-сұр үйрек сен, қарағым,
Бекердің мен ақ тұйғын қолындағы-ай.

Сыртыңнан атағыңды көп білемін,
Сөз таныс болып едім бұрындағы-ай.
Ілінсең қармағыма желбезектеп,
Жүре бер мекеніңе зырылдағы-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлқынып-ай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Бұлқынып-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлқынып-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлқынып-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар