Мұра – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мұра» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2054
(аударма)

Бұл табиғат берген менің еліме:
мұхиттардың шалқарлығын,
шыңдардың асқақтығын,
сөнбейтін мақсат нұрын,
көңілдердің дарқандығын,
еркіндікке жандардың құштарлығын;
бірақ қанша жазықсыз қан төгілді
жолында, ұқсаң, мұның...
Қара тұман түнекте
қанды өзендер құйылғанда іргеден,
шықпай койды біздің жерде Күн деген.
Қанымызбен, жанымызбен біз мына
қансыраған аяулы атамекенді
алып шықтық түрмеден.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері