Шекербектің қылығы – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Шекербектің қылығы» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1088
Шекербек те кешеден,
Шығарды сөз таласын.
Көрдім деді көшеден,
«Пойыздың мен баласын».

Адасқан-ау шамасы,
Көшеде ол жүр деді,
Суреті оның қарашы,
Кітапта да тұр деді.

Күлді мәз боп бәрі енді,
Қызық болды мұнысы.
Таппақ болып дәлелді,
Басталды тың жұмысы.

Парақтаумен тұр бетін,
Айналысып ісімен.
Трамвайдың суретін,
Тапты кітап ішінен.

РS.
Не көрсе де далада,
Шын қабылдап тұрады.
Ұқтырмаған балаға,
Үлкендер ғой, кінәлі.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері