Көзбояу – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Көзбояу» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1139
Ұнап қалса,
Біреудің бір сөзіне.
Құлаймыз кеп,
Қарамай қырт, езіне,
Жақсы болып
Көріне білетіндер,
Жылтырайды, амал не,
Жұрт көзіне.
Еседі,
Бөседі кеп жиындарда,
Ұқсайды
Қызыл, ала құйындарға,
Көзіңді
Арбайды кеп жылтырақпен,
Алтын, жезді айырар
Миың қайда ?!
Қаратып ауызына,
Бар халықты,
Дәріптеп өз керегін,
Жар салыпты...
Неліктен алданамыз
Көз бояуға,
Құмармыз
Сөзге неге соншалықты?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері