Бейнет пен зейнет – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Бейнет пен зейнет» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 4427
Бір дөкейге ел жайын,
Айтып едік онлайн:
«Машина емес, әйелдер!»
Десек, қақты таңдайын:
«Үйдің ойлап жағдайын,
Бағып,қаққан жан байын,
Қажымайтын әйелдер,
Машина емес, комбайн!»
Бұрып айтып пікірді,
Күліп оңай құтылды,
Комбайн да уағымен,
Керек қылар күтімді!
Бейнет жайын ұға көр,
Зейнет көрсін туған ел,
Ал өздерің, дөкейлер,
Жүзден кейін шыға бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері