Қайда? – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қайда?» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1085
Тойға барсаң жар, жар,
Ойға барсаң, зар, зар,
Экранды ашсаң,
Ессіз күлкі дар, дар.
Еліктегіш ұл-қыз,
Етек, жеңі дал, дал,
Төрт аяғын тең басқан,
Қайда қара нарлар?!
Өтірікпен лақтық,
Көпіріп те бақтық,
Жақынды да саттық,
Жаланы да жаптық,
Іздейміз кеп тағы,
Періштедей пәктік,
Адал,таза жанды,
Қайдан ғана таптық?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері