Оңай мен қиын – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Оңай мен қиын» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1344
Оңай боп кетті бүгінде бәрі,
Өлең жазу да,
Өтірік айту да,
Өле салу да
Оп-оңай!..
Өмірдің жүгін көтере білу,
Оңай емес-ау бірақ-та!
Түнеріп жүру де,
Түңіліп кету де,
Түкіре салу да оп-оңай.
Түсіну қиын бірақ та!
Жалған мұңшылдық,
Жасанды сыршылдық,
Кезбе балалық,
Езбе даналық,
Есер күлкімен,
Көз алдап, көріне біліп,
Жарқ-жұрқ жалтырау да,
Оп-оңай!
Шынайы адам боп қалу
Оңай емес-ау бірақ-та!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері