Өлең, жыр, ақындар

Ақтеңіздің айдыны

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1125
Көкжиек кернеп,
Керіліп жатқан көк теңіз,
Қиялға мініп,
Шегіне жүзіп жетсеңіз,
Көңілдің күйі,
Өмірлік түйін табар ма,
Теңізді кешіп,
Тереңін сүзіп өтсеңіз.
Жерорта теңіз
Кіндігі жердің дегенде,
Қазығын меңзер,
Қағылған мықтап тереңге,
Жер-көкке сыймай
Шалқыған шалқар дүние,
Сыярсың қайтіп,
Бір тамшы сия – өлеңге?!
Түріктің әні
Түн түріп мұнда шырқаған,
Түреді құлақ,
Жаһаннан келген жұрт оған,
Жағаны соғып,
Ақ көбік атқан көк толқын,
Шегінен асып,
Кетпесін біліп бұрқаған!
Құбылып теңіз,
Нұрымен күннің мың ірет,
Тербейді көңіл,
Ғажайып шексіз сүгірет...
Дүниеге сыймас
Телегей-теңіз жойқынды,
Ыдысын тауып,
Сыйғызып қойған құдірет!
Тұзды су неткен
Тап-таза, мөлдір...
Қолға алам,
Теңізден қуат,
Іздеген жандар толғаған,
Адамға қуат,
Сыйлай бер, аман Ақтеңіз,
Ортасы жердің
Ойылмай тұрса, жер де аман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтеңіздің айдыны өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Ақтеңіздің айдыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақтеңіздің айдыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтеңіздің айдыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері