Алпыс асқар – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Алпыс асқар» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1533
Қайырбай Төреғожинға

Жасыңнан сүйдің
Атадан қалған
Аңыз бен өлең,
Ән, күйді,
Сен жүрген жол да,
Бір бөлек тарих сан қилы,
Ұядай жылы,
Ұяңдау, мұңлы,
Табиғи жырдан сен жазған,
Жауынның иісі,
Бауырдың иісі,
Ауылдың иісі аңқиды!
Қайырбай інім,
Атың да қайыр,
Зайырлы затың, шайырсың,
Туған жер үшін
Қиынға қандай дайынсың,
Байырғы заман
Байлары құсап
Балпаң да балпаң баса бер,
Бәйтерек болып,
Өркенің өсіп,
Тамырың терең жайылсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері