Өлең, жыр, ақындар

Өмірлік менің серігім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 7186
Аяңдай басып келеміз,
Қалауын тауып көңілдің,
Көтере білдік қосылып,
Өмірдің ауыр, жеңілін.

Қайырмасы:
Өзіңмен бірге өрледім,
Шыңдала түсті сенімім,
Мейірлі болдың сен маған,
Өмірлік менің серігім!

Біріміз кетсек сүрініп,
Сүйеніш болдық біріміз,
Жарасып жүре берейік,
Жазылмай мәңгі жұбымыз.

Қиындық көрсек, жасқанбай,
Қуаныш, тойға мастанбай,
Екеуміз сүрген бұл өмір
Екеуміз жазған дастандай.

Қ-сы:
Немере сүйген шағымыз,
Баянды болсын бағымыз,
Сәбилер өсіп-жеткенше,
Керекпіз жаным, әлі біз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірлік менің серігім өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Өмірлік менің серігім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өмірлік менің серігім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірлік менің серігім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері