Өлiм деген iс болды үйреншiктi – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Өлiм деген iс болды үйреншiктi» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1693
Өлiм деген iс болды үйреншiктi:
бүгiн де бiр жас қыршын үйден шықты,
жыламсырап тiрлiк тұр жасты көзбен
iшкен сәби секiлдi күйген сүттi.

Танымаққа талпынып өмiр сырын,
қадағанын сезбейсiң өлiм сұғын,
қу жапырақ,
әлде жас топырақ па,
қонар жерiн талғамас көңiл-шыбын.

Қамаласың көз жұмып тас қапасқа,
қашалады есiмiң қасқа тасқа,
талақ етiп түбiнде
тастап кетер,
ғашық болып өмiрмен босқа отаспа.

Жалғыз өзiң жатасың лақатта,
байыз тауып батасың рақатқа,
терең қазып тепкiлеп көмгендердiң
бәрi өзiңдей болады,
кiнә тақпа...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері