Жаным – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Жаным» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1252
Жаным,
қайғы
зәрiн
жайды
денеме!
Жүрек
шiркiн
жүдеп
бiр күн
семе ме?
Сараң –
уақыт.
Маған
бақыт
қона ма?
Сезiм
гүлi,
көзiм
нұры
сола ма?
Шерiм –
шемен,
шөлiм
сенен
қанбаған.
Сағым
құшып,
салым
түсiп
алданам!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері