Еркiмнен мен алғаш – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Еркiмнен мен алғаш» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 931
Еркiмнен мен алғаш
айырылған кезiмде
шымылдық бола алмас
сабыр да сезiмге
күйде едiм.
Ал сен ше, сүйгенiм?!.
Сөзiңдi сiмiргем,
шарпып бiр от менi.
Көзiңе үңiлгем
шым батып кеткелi.
Сүйгенiм,
сен қандай күйде едiң?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері