Мәуленов ақын мәуелі жырдың алқабы – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Мәуленов ақын мәуелі жырдың алқабы» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 961
Мәуленов ақын мәуелі жырдың алқабы,
Тойыңыз тойға ұласа берсін торқалы.
Әуенің сенің көлдердің күллі құйылысы,
Құйылысы көлдің шым тереңіне тартады.
Поэзия – аспан,
Сырбайдай нұрлардың бірі,
Поэзия – дала, Сырбайдай қырлардың бірі.
Біздің Торғайдың өзеніндей құрдымға құймай,
Құрлыққа құйған, жаса, Сырбайдың жыры!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері