Сенің бейнең – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Сенің бейнең» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2244
Қос жанарыма толтырып алып бейнеңді,
Жамбыдай сақтап жүрейін деген ой келді.
Жолымды қырқып кетсем де кейін оралдым,
Махаббатыма менмендігім де бой берді.

Алтынды көрген аш көздей саған қарадым,
Өзіңмен ғана шып толды менің жанарым.
Осынау мөлдір бейнеңді шайқап алардай,
Деміңді тартып,
Кірпігімді әрең қағамын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері