Сүю де бір, өлу де бір, о, тоба – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сүю де бір, өлу де бір, о, тоба» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1688
Аждаhадай мен жұтып жатырсын!
Өлтір мейлі, жалқы және жақынсың.
Қасіретіңе ала кетші тастамай,
Нәубетіңе іздеп барам, шақыр шын.
Өлтіре алмас мені сойған ота да,
Сенсіз өмір сүре алмаймын! Атама!
Мені жұтып тынады деп рас айтқан
Сүю де бір, өлу де бір, о, тоба.
Екі метр қиярсың жер телімін.
...Садақаға беріп кетер өмірін,
Сүю де бір, өлу де бір... Сонда да
Тимендерші! Ол – озімнің өлімім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері