Ғашықтар мекені – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Ғашықтар мекені» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1584
Шабыты шарықтады қанат жырдың.
Таза ауада тыныстап таң аттырдым.
Асқаралы Алатау шыңдарына,
Көзім тоймай, сүйсініп қарап тұрдым.
Ақындардың жүзіне шырай тұнған.
Қайда екен сол, хәлімді сұрайтын жан.
Алматы ғашықтардың мекені еді,
Олар жайлы ән туған, жыр айтылған.
Өмір өзен,
Ырқына бағындырды.
Іздедім елес болған сағым жылды.
Алматыда кезіккен Көкше қызы,
Еске түсті,
Аңсатты,
Сағындырды.
Алланың бұйрығы ма, өктемі ме.
Сол көктем оралмайды,
Кеткені ме?
Алатауым күрсініп тұрғандай ма,
Сол арудың ғайып боп кеткеніне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері