Бауырға наз

Бұл бетте «Бауырға наз» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2398
Сөз айтпасаң тыныш отыр, ұнамды.
Есекпенен жарыстырма, құланды.
Үйге кірсе айран құйып шығарған, Қазақ атаң,
Қара шұбар жыланды.
Көп ойландым, қабырғаммен кеңестім.
Іні дерсің, «Сен әулие»- демессің.
Тек, бауырдың сөзі оқтай қадалар,
Ренжіте алмайды ғой, мені ешкім.
Талай жанды сесімменен тықсырдым.
Ақылым бар,
Ой салатын ұшқырмын.
Бауырымның айтқан сөзі зіл батпан,
Басқа айтса, мен оларға пысқырдым.
Жетегінде жүріп алып елестің,
Өкпеледің, бауырыңмен егестің.
Асың емес, көңіліңе қарадым,
Сусып келген қара жылан емеспін.
Мен де оңып тұрғаным жоқ, қатем көп,
Таяғымен бір қойса екен, атам кеп.
Дүниеге құл боп кеткен бауырдың,
Қылышынан өлген еді Махамбет!
Бауырсың ғой,
Кесе алмайсың қолыңды.
Сөз айтсаңшы көкейіме қонымды,
Ұрыссақ та, қиыспайтын туысқан,
Алла сенің оңғарса екен жолыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауырға наз өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Бауырға наз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бауырға наз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бауырға наз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері