Жездеме

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 12263
(Сәкенніц Садықұлының аруағына бағыштадым-3)

Сұм ажал өміріңді салып тезге.
Бұл өмір неге өтті қайран, лезде.
Есімді жия алмадым, естігенде,
Аңқылдап жүруші едің қайран жезде.
Төрт балаң қалды артыңда аңыраған.
Ағайын дос артыңда жамыраған.
Өз-өзіме келе алмай ,
О тағдырым,
Қандай сынақ бересің тағы маған.
Өзіңсіз «Әпке қанат» қайырылды.
Зар жылады бауырым, жайы мұңды.
Екі -ақ түйір кос жездем бар еді ғой,
Біреуінен қапыда айырылдым.
Үміт жолы бар еді, оттапты үміт.
Жыр жазам деп сендім бе, жоқтап тұрып?
Бір қызың мен үш ұлың аяқтанбай,
Жетім қозы жетілер оттап жүріп.
Ажалменен күшім жоқ белдесуге.
Амалым жоқ қайтемін сенбесіме.
Жұмақтан Алла орын берсе екен,
Жақсылығын бағалап, пендесіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жездеме өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Жездеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жездеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жездеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері