Аспан да көк, көйлек көк,айналаң көк – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Аспан да көк, көйлек көк,айналаң көк» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Аспан да көк, көйлек көк,айналаң көк,
Құз қарайды бұл жүрген қай балам деп.
Шипашаққа дәрігер жазып берді,
Емделсін бойын суық жайлаған деп.

Қаз тұрғаннан тас басып, тау асып ем,
Сәби шақтан сырласқам даласымен.
Туған жердің аязын қуа алмаспын,
Емделемін ауырсам ауасымен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері