Қарымта – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарымта» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1649
(аударма)

Мынау соғыста мерт болды:
ондаған достар, жігіттер,
ондаған арулар - үміттер,
ондаған сәбилер;
жүздеген жігіт өлді,
жүздеген үміт өлді,
жүздеген бөбек өлді,
мың дос пен мың әйел, мың бөбек..
біз санауға не деген жүрдек ек.
Иә, өлікті санай аламыз,
жаңылмай санай аламыз.
Бірақ уақыт зырғуда,
сонау кекті қалай аламыз?
Соғыстан соғысқа дейін
ұмытылар ма екен
мерт болған талай ағамыз...
Егер бір өлі мүсін
есте қалса, былай өтеміз:
біз соғыспен күресіп етеміз
Өмір үшін!

ПОЛЬ ЭЛЮАР


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері