Жору – Омарғазы Айтанұлы

Бұл бетте «Жору» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 733
Тыржалаңаш тау,
Бір қабат лыпасы – ақ тұман – бу.
Ұзын-ұзын қыраттар,
Борбайларыңды жу.
Сұлудың аппақ қабығы
Бір білініп, бір өшіп
Тұрушы еді ғой солай
Жұп-жұмсақ бұлт көшіп.
Тесіп шығады сонда
Боз жамылшыны
Көкбеңбек мұз заңғардың ұшы.
Көлкілдейді төменде ақ тұман,
Көре алмайсың бірақ құпия жатады
Ең тереңінде махаббаттың күші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері