Шәкірт ойы – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шәкірт ойы» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1687
–Хош, есен бол, кісі боп қайт, қарағым, –
Деді шешем кеше ауылдан шығарда.
Көз жазғанша нүктеге ұзақ қарады,
Қалған нүкте, дариға, естен шығар ма?
Ту көтерер ұланымын талаптың,
Тас жармасам саған, өмір, талақпын.
Мен Шығыстың баласымын, білемін,
Таңғы арайдан тұтанды алғаш жүрегім.
Судан шыққан балық құсап тұншығып,
Қалар едім тұрмаса сол күн шығып.
Кемеміз – бір, толқын – тоқсан, тағдыр – бір,
Бір мұхитқа құйыпты әкеп барлық жыл.
Арманымның алғаш досы – дүние
Етпес кеңдік, келсе көңілім күйіне!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері