Боксер – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Боксер» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2068
Серік Қонақбаевқа

Барып-келіп көкірегі
Көрікке ұқсап соққан зергер.
Қаша ұрыс сап, секіреді,
Маңдайынан тамшылап тер.
Бұлшық етте аяныш жоқ,
Қолғабында әділдік бар.
Борап оқтай былғары доп,
Бас сауғаға етеді зар.
Боксерге мен қызығамын,
Бірін-бірі ұрып жықса.
Бұзбай зорлап спорт заңын,
Жүлдегер боп терге шықса!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері