Тілеймін дүлей дауылды – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тілеймін дүлей дауылды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 696
Тілеймін дүлей дауылды,
Демеймін жаным ауырды.
Сонымен қуғым келеді
Күндерді бастан жауынды.
Көтердім бәрін, көтердім,
Бөгетті бұзып өтермін.
Тайынар болсам дауылдан,
Арманға қалай жетермін.
Бетпе-бет келсем өліммен,
Тайсалып кейін шегінбен.
Ал, тағдыр, енді берік бол,
Сайысқа түстім сенімен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері