Сонау бір тәтті күндерді – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сонау бір тәтті күндерді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Сонау бір тәтті күндерді
Іздейді көңілің, қимайды.
Естіп күміс үндерді,
Жүрегің сыздап қинайды.
Кейінде қалқан тәтті күн –
Сирек бip татқан асымдай.
Неге елес бердің тап бүгін
Өші бар менде қасымдай.
Қайырылып кейін қарасам,
Көремін сонар әр ізді.
Сол іздер кейде орасан
Табалап тұрған тәрізді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері