Кімді ойладың? – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кімді ойладың?» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 801
Мен – сен едім,
Сен – мен едің.
Толқуын жүректің
Толқынға бөледім.
Толқытпай қоймадың.
Тереңге бойладым.
Алдымда ақ сәуле
Болдың да ойнадың.
Жетем деп ойладым.
Жетпей де қоймадым.
Сонда да жүректің
Толқуын жоймадың.
Мен сені ойладым,
Сен кімді ойладың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері