Керемет – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Керемет» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1723
Керемет дейміз
табынып тұрып өнерге,
Сол кереметтер
адамға өзі келер ме!
Кереметтерімен
таң қылған сені бұл өмір,
Рахат бір сәтін
оңайлықпенен берер ме!
Керемет дейміз
сыйғызбай мақтап жер-көкке,
Сол кереметтер
келіп пе өзі жөргөкте!
Өзі келмейді,
ешкім бермейді, бауырым,
Таңдай қаққызар
бүкіл керемет еңбекте.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері