Мақпал қара түн құшағы тылсым бір – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Мақпал қара түн құшағы тылсым бір» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 911
Мақпал қара түн құшағы тылсым бір,
Асқақ арман, биіктерге ұмсындыр.
Шым-шым етіп, тұңғиыққа сіңейін,
Итшілеген қараң күнім құрсын бұл!
Тым болмаса көр қимадың лақаттап,
Жатыр менің тәлейімнен жат аттап.
Ай-арудың құшайыншы белінен,
Қайда еді әлгі, мені әкетер ат, әппақ...
Алты қабат талыс еді таралғым,
Ақ боз бәйге, арман үшін жаралдың.
Мақпал түннің төрі тым-тым қашықта,
Саған міндім, жұмбағыңа орандым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері