Тасынған көңіл сап тынды – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тасынған көңіл сап тынды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 962
Тасынған көңіл сап тынды,
Қорғасын сынды құйылған.
Қарашығыма қақ тұнды,
Қара су ағып миымнан.
Мына әлем сол сәт шаңытты,
Бәлекеттермен маталған.
Шеше алмай қалдым қамытты,
Мирас боп қалған атамнан.
Аяқтар көрдім аспаннан,
Салбырап келе жатты анық.
Білінбес зорлық басталған,
Табанда барам тапталып.
Азамат едім талыстай,
Табанда барам тапталып.
Қара құл етті шабыспай,
Алтыннан соққан тақты алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері