Бұл жалған тегі шытырман

Бұл бетте «Бұл жалған тегі шытырман» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Бұл жалған тегі шытырман,
Таба алмай келем арнасын.
Санасын елдің жұт ұрған,
Белгілі ұзақ бармасым.
Тартармыз талай татасын,
Әлдекім шығып «қоқияр».
Шегерміз зауал, жапасын,
Жақын ба күнім тотияр?
Күдігім басым бөктерген,
Сапарға шықтым дегенмен.
Ақсақал айтты көп көрген:
«Ажырап қалма өлеңнен ...»
Үмітім артты теңлеген,
Сол бір сөз мүмкін, жел берген.
Музаға сосын келген ем,
Сын да естіп қалам елдерден.
Кілкиді күдік, тегін бе?
Алдымда көлбеп түз сан-сан.
Қаламдай қысқа өмірде,
Сиядай ұзақ із салсам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл жалған тегі шытырман өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұл жалған тегі шытырман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл жалған тегі шытырман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл жалған тегі шытырман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері