Жүрегіме мұң енді – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жүрегіме мұң енді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 707
Жүрегіме мұң енді,
Жанарыма сағалаған.
Миығыңнан күл енді,
Сағынышым табалаған.
Қайда лағыл, қайда жыр?
Көн қатқан ба кеудеме шын?
Ішсем бе екен әйда бір,
Жанымды дерт кеулегесін.
Білеуіттер күндемес,
Сәулім ессе шырқымнан бір.
Үйге қайтам күнде кеш,
Базар сенің сыртыңнан құр.
Әй, жалғандық іреген,
Әппақ әлем – сортаң кезең.
«Кеңсай» жаққа тірелем,
Алаяқтар – ортам,
... Безем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері