Өлең, жыр, ақындар

Сасық көкек

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1130
Келбетке
Бөгделерміз, жоқ тіпті пана баста,
Ешкім бізді «адам» деп санамас та.
Білім іздеп келгенбіз қыр төсінен,
Аш та, кейде жүреміз жалаңаш та.
Сабыламыз «даң-дұңды» елең етпей,
Жастық – жаз ғой, ұшамыз көбелектей.
Үйлі-баран боламыз, әйтсе дағы,
Тұрақсызбыз жел қуған ебелектей.
Нәресте де сүйеміз көшіп-қонып,
Тербетеміз көшеде бесік болып.
Бұ шаһардан бас сұғар үй таба алмай,
Сандаламыз шалшықты кешіп, тоңып.
Күйің бұлай,
Қалайша көгересің?
Білем, білем: жоғалған нелер есім.
«Өлтіресің баланы» дейді дағы,
Ата-анамыз әкетер немересін.
Түрлі сұрақ санамда жүр оянып,
Әлсіз сәби, кете алмас шырай алып.
Ана сүтін қайтіп ол ақтамақшы,
Ембесе егер шынымен бір ай анық?
Қу көңілім аптығып, асықпа көп,
Қиын соғар бұл өмір жасыққа тек.
«Жат ұяға» тастайтын жұмыртқасын,
Болыппыз ғой біз нағыз сасық көкек.
P.S.
Гуілдейсің, тынбайсың.
Әншімісің?
Дірілдеген жанымның талшығысың.
Домаланған түріңнен айналайын,
Қылықтысың, тәп-тәтті бал-шырынсың.
Жұпарыңнан жұтамын діңкелесем,
Сен бар жерде кетпейді мүмкін есем.
Құлдыраңдап келесің, арсалаңдап,
Шомыламын бейкүнә күлкіңе әсем.
Бауырыма қысамын бал-бөбегім,
Былдырладың, ұқпадым, ал не дедің?
... Сапардасың Шоқандай,
Сағыныштан,
Үзілердей қу жаным халде менің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыстауым, балдәуренім, Көлденеңім

  • 0
  • 1

Қыстауым, балдәуренім, Көлденеңім,
Зарығып, сағыныштан шөлдегемін.
Шіркін-ай бақытты кез ...
Сенен басқа,

Толық

Ұлы анаға мұң

  • 0
  • 0

Қанатын жайса Тайбуырылыңа
Ендік тар,
Жорыққа мінер батырдың аты сен құптар.
Жүйріктік біткен

Толық

Әулие

  • 0
  • 0

«Сексентауды» жайлаған,
Бастан бағы таймаған.
Тұрыпты бір қария,
Тұрмысты өзі жайлаған.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер