Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Өмірін бер ей, тағдыр, Ахметтің,
Асқар таудай келсе егер ақын еткің.
Халқым үшін бейілмін ...
Тайсақтамай,
Ашар едім есігін ақыреттің.
Керек емес тірлігің мандымаған,
Бозторғайдай зар салам таңқұладан.
Көз жұмса да қолынан қанқұйлының,
Келе жатыр күресіп мәңгі бабам.
«Халық жауы» лақабын таңды надан.
Өткен сайын уақыт артар бағаң,
Сарсаң жұртың,
өзін де жарыта алмаған.
Қанатыңның астына алшы бізді,
Бауырына ері ауған тарпаң балаң.
Өмірін бер ей, тағдыр, ғұламаның,
Одан басқа ештеңе сұрамадым.
Күтіп жүр ғой көпшілік алаңдаумен,
Пана болар қашан да бір адамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері