Әке – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Әке» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған әке туралы өлең берілген.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 781
Бұлаң тірлік көрсетті сортаңдығын,
Қалғаны анық ойсырап,ортам бүгін.
Қырын келген сен бе әлде жаратқан ба?
Бір-ақ күнде есейді тарпаң ұлың.
Ерте жидың ғұмырдың дастарханын,
Жазымыштан қалайша бас тартамын?
Қиыншылық барлығы маған қалды,
Кете бардың, бердің де асқар тәлім.
Жоқтау айтып жыладым, екіленіп,
Бізді құдай жіберді екі бөліп.
Қарап қалдым үзілген соқпағыңа,
Содан бері панасыз жетім едік.
Қайғы жұтып, бейнеттен қақырадым,
Аруағыңды қиналсам, шақырамын.
Өреніңнің бір күні өшер үні,
Ештемеге жетпей-ақ жатыр әлім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері