Нағашымның шаңырағы – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Нағашымның шаңырағы» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1200
(Майнаш атам мен Рәбиға шешемнің рухына)

Ат әкелер ұл аңсаған әкелер,
Тұяқ қалса, талай жорға мәпелер
Деген үміт үкілеген алдамай,
Ата салтын арман шыңға жетелер.
Мұтиғолла, Гүлназ баптап үй қамын,
Татулықтың бір белгісі – сыйға сый.
Рәбиға шешем баққан тұлымды ұл,
Сыйлы азамат ағайынға бүгін, біл!
Бір биеден ала туар, құла да –
Шаңыраққа құт қоныпты, біл, ана.
Бір кездері қоңырайса, көңілің...
Берекелі келінменен жарқын жүз
Ұшқан бақыт оралады, сірә да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері