Жұғып қалып помадаң – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Жұғып қалып помадаң» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 768
Жұғып қалып помадаң,
Қысылдым-ау терлеп тым.
Ойың болып қалаған
Күліп-күліп сен кеттің.
Әзілдедің тек тұрмай,
Күрек тісің көрініп.
Өзімді-өзім сөктім жай,
Ойым саққа бөлініп.
Жуып жаттым сасқаннан,
Көйлегімнің жағасын.
Жеткізе алмас басқа арман,
Қылығыңның бағасын.
Жуа-жуа шаршадым,
Кетпей қойды құрғырың.
Тиді сенің саусағың,
Жүрегімде тұрды мұң.
Жұғып қалып памадаң,
Қысылдым-ау терлеп тым.
Аса алмадым шамадан,
Күліп-күліп сен кеттің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері