Несіне – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Несіне» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Несіне аспандаймын,
Асып жатыр әлі күн бастан қайғым.
Бақытының тамырын балта шапқан,
Тасмаңдаймын.
Несіне төмендеймін,
Тартамын тұңғиыққа – тереңдеймін.
Бесігі ұлағаттың ұлтым үшін,
Елеңдеймін.
Несіне қуанамын,
Қуарып бара жатыр бұла-бағым.
Халықтың көтеруге жарадым ба,
Мұң-азабын?
Несіне қайғырамын,
Жаныма жапырағын жайды бағым.
Қазақтың қасіретін маңдайынан
Тайдырамын.
Несіне жыр жазамын,
Арқалап адамзаттың күллі азабын.
Дегенмен...
Арман бар ма, жырдан соқсам,
Алаштың таңдай қағар бір ғажабын?!
Жыр жазамын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері